Жанарым – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Жанарым» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 17.04.2015
  • 1
  • 7
  • 23949
Түспесін десең, егер сезімге кір,
Жанарым, менің ылғи кезімде жүрі
Жамандық көрсең менің қабағымнан,
Жас болып төгіліп кет жанарымнан.
Шұғыла боп содан соң ашыл-дағы,
Бұлтымды таста серпіп басымдағы.
Дамылсыз кірпігімді қаққанымда,
Ойымның ойнақтап жүр шатқалында.
Жүрегім бол деп, сені зорламайын,
Мәңгілік тұтқында ұстап қорламайын.
Қарашығым бол-дағы дамылдағын,
Қашанда жанарымнан табыл, жаным.
Жанарым, жанарымнан кетпе менің,
Сезімім сенсіз менің текке өледі...
Түспесін десең, егер сезімге кір,
Жанарым, менің ылғи көзімде жүр!.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (7)

Жанар

Өте керемет өлеңдер

Жанерке

Маған осы М. Мақатаевтың өлең жиындары қатты ұнайды)

Торқұлың Шыңғыс

Зорр!!

Торқұлың Шыңғыс

Өте керемет!

Жанар

Жанарым деген өлеңді енді естіппін☺️

Толғанай

Жанарым керемет өлең

Осы автордың басқа өлеңдері