Өлең, жыр, ақындар

Күндер

  • 05.09.2018
  • 0
  • 0
  • 3500
Жақсы күндер, жайсаң күндер, шат күндер,
Ол да менен бір керегін таптым дер.
Табылмаса қарғыс айтып ақынға,
Айсыз түнде тұңғиыққа баттым дер.
Жақсы күндер, жайсаң күндер, шат күндер,
Менен безсең бауыр басар жат кімдер.
Сонда–дағы алауланып таң атып,
Сонда–дағы бұлбұл сайрап, бақ гүлдер.
Жақсы күндер, жайсаң күндер, шат күндер,
Зымыраған құстай қанат қақтым дер,
Қаға алмаса, серпе алмаса қанатын,
Жұлдызға ұсап жалт еттім де ақтым дер,
Жақсы күндер, жайсаң күндер, жазымсың,
Жастығымсың, ерке тұнық назымсың.
Төселші сен сапарыма жол болып,
Сәйгүліктей бауырым бір жазылсын...
Жақсы күндер, жайсаң күндер, шат күндер,
Ол да менен бір керегін таптым дер.
Таба алмаса қарғыс айтып ақынға,
Айсыз түңде тұңғиыққа баттым дер.
* * *
Сыбызғы ма, сызылта ма, сырнай ма,
Тауыса ма тағатынды ұрлай ма,
Қоңыр үннің ырғағынан жаныңа,
Тұрған жоқ па самал есіп бір майда.
Мүмкін бұл бір шертілмейтін сыр болар,
Мүмкін бұл бір жазылмайтын жыр болар,
Болса егер сағындырған бұлбұлым,
Гүлге тұнған бақшасына бір қонар.
Әлде бұл бір сыйы ма екен тағдырдың,
Тамшысы ма жазғы жұмсақ жаңбырдың.
Кім болсаң да жүрегіме өшпейтін
Майда үніңнен бір ескерткіш қалдырдың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ толқындар шулайды

  • 0
  • 0

Басты еңсені қалың ойлар — қорғасын,
Ұзақ жолдар сапарласым, жолдасым.
Россияның тәңірі болған — Петрдің,
Көріп тұрмын тақ пен тәжін, ордасын.

Толық

Айбының бар

  • 0
  • 0

Дұшпаның жасқанардай.
Ақылың бар
Жұртыңды басқарардай.
Көңілің бар

Толық

Көл басындағы ой

  • 0
  • 1

Жарық ай шың басында қиылып тұр,
Көл беті нұрланады
Құйылып нұр.
Басында Бурабайдың салдық құрып,

Толық

Қарап көріңіз