Жар назы

Бұл бетте «Жар назы» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1861
Дала жасыл, жаз-арман,
Ұйқыдан ерте оянып.
Шындар бұлттан тазарған,
Арайға түсі боялып.
Қой өрістеп барады,
Мөлдіреп шөпте таңғы шық.
Паңдана тұрып қарады,
Биік шыңдар ән құшып.
Ошақтан ұшты түтіндер,
Ілініп шәугім мосыға.
Демейді мені күтіңдер,
Келеді шопан қосына.
Отырар жары ұсынып
Күрең шәй құйған кесені.
Жымияр ұяң қысылып,
Жоқ пандығы, кеселі.
Ойын-күлкі, базына,
Табылар қызық осынан.
Тоя алмай жардың назына,
Аттанар жігіт қосынан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жар назы өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Жар назы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жар назы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жар назы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері