Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Айыптау

Бұл бетте «Айыптау» атты Aibekkk жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қойнауы құт дарыған байтақ далам,
Бейбіт жұрт еңбек етіп жай таппаған.
Осынау көріп елдің берекесін,
Айнала жау қаптады айтақтаған!

Көрсоқыр болса адам көкірегі,
Ем болар басқалардың көкігені.
Ойламай бір қателік істегендер,
Ойланса...
Өмір бойы өкінеді!

Тұрады орнынан нық, құлапта Адам,
Күледі жадырап тез, жылапта Адам.
Иманың әлсіз болса жүрегіңде,
Адасу тура жолдан бір-ақ қадам.

Менмендік – өзімшілдік қауіпті амал,
Пәлені осылардан тауыпты Адам.
Ол заман, бұл заманда туған ұлы,
Ата-ана, ел-жұртына жауықпаған.

Аузынан ана сүті кеппегендер,
Милары күн көруге жетпегендер.
Азғырып осыларды айдап салды,
Бүлік пен арам мақсат діттегендер.

У егіп талай жастың тамырына,
Енгізді жалған үміт танымына.
Дуалап неше түрлі әдіспенен,
Кіргізді қаны бұзық ағымына.

Осылай жастарды кеп азғыруда,
Арзанмен сананы алдап мәз қылуда.
Айырып ата-баба тамырынан,
Өз көрін өздеріне қаздыруда.
*** *** ***
Бұл күнде бәрі ақшамен өлшенеді,
Ақшамен, тамыр-таныс тек сенері.
Тойхана, мейрамхана, одан қалса,
Қаптаған букмекерлік кеңселері.

Аралап букмекерлік кеңселерін,
Кәрі-жас басы айналған теңселеді.
Ұтқызып бар жиғанын бір-ақ күнде,
Башайға түсіп кеткен еңселері.

Кәрі-жас қыдырып жүр одан қалды,
Бұл да бір келеңсіздік қоғамдағы.
Баласын әбжыланнан қорғап қалған,
Кей ана көртышқандай бола алмады.

Ойлаған тек өзінің қара басын,
Бұл күні мейірімсіз ана басым.
Қалайша «ана» дейміз айуанды,
Өлтірген өз қолымен шаранасын.

Өзімнен,
Басымдағы алып қайғым!
Ескексіз теңіздегі қайықтаймын.
Ішімнен лағнет айтып осы жайға,
Алдында ар сотының айыптаймын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Айыптау өлеңінің авторы кім?

Aibekkk — осы өлеңнің авторы.

Айыптау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Айыптау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Aibekkk өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Айыптау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер