Мінезіңнен не пайда? – Allambergenova

Бұл бетте «Мінезіңнен не пайда?» атты Allambergenova жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мінезіңнен не пайда,
Қадірлісі болмаса.
Анау айтты, иланып,
Мынау айтты, қиналып
Қара басың қорғаса?
Адамдықтан жұрдай боп,
Білмей оны сорласа.
Сабыр түбі - сары алтын,
Одан да белгі қалмаса.
Түймедейді түйе ғып,
Жағаға кетсе жармаса.
Сөйте тұра өзгеге
Сөз үйреткіш далбаса.
Мінез болса осылай,
Қалай енді азбасқа?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар