Тәуелсіздік
Бұл бетте «Тәуелсіздік» атты Абдулла Махаш жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.
Әнұраным шырқалып өз тілімде,
Көк байрағым желбіреп тұр көгімде.
Халқымыздың арманы сан ғасырлық
Қазақстан - тәуелсіз ел бүгінде!
Қайтпас қайсар халқымнан айналайын,
Туған жердей жерұйық қайда, ағайын?
Тәуелсізбіз, сол үшін мақтанамыз,
Бар мақсатым - соған шын сай болайын!
Еркін елмін, көрінем биіктерден,
Ырыздығын құдайым үйіп берген.
Қазақ халқы барады болашаққа
Ай маңдайы жарқырап сүйікті ермен!
Зәулім көкпен қаламыз таласқандай,
Шекарам бар, дұшпаным санасқандай.
Бейбітшілік мекені - Қазақстан!
Ынтымағы елімнің жарасқандай!
Кейбір жұрттар қыспақта көрсе күнін,
Ерлерім көп ақтаған ел сенімін.
Мәңгі жасыл қырында Азаттықтың
Бақыт сол ғой жас ұрпақ терсе гүлін!
Ұйқат түрлері ұнады????
Ұйқас түрлері ұнады????
Ұйқасы жақсы өлең қатты ұнады
Өлең ұнады мазмұны бəрі керемет
Автордың аты жөні кім?
Автор аты жоны
Оте керемет
Мағыналы керемет өлең кімнің өлеңі