Бұл бетте «Мұқағали мұрасы» атты Шынар Кендін жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көргенде күн көктемнің жауын күнін,
Сеземін мұзбалақтың сауын- жырын.
Жел соқса, дауысынан қарағайдың,
Дауылпаздың естимін, дауыл-жырын...
Жырың - жаз, ақ жаңбырын сіркіреткен,
Жабықсаң, жайдың оғын күркіреткен.
Айтарыңның бəрін де айта алдың ба?
Сырың барма, əлде, аға, іркіп өткен?!
Сырың болса, айтылмай, іркіп өткен,
Күресіп жүрген шығар, мұң-түнекпен.
Күйкі өмір, күйбең тірлік жеткізбеді-ау,
Шайырды шат өмірге дүркіреткен.
Мен, аға, осыны ойлап налығамын,
От жырыңды оңашада сағынамын.
Мұрасын мұзбалақтың бере гөр!- деп,
Ырымдап, бойтұмардай тағып алдым...
Тұмар-жырды жүрекке жазып алдым,
Жалынынан жырыңның дарын алдым.
Жарқ еткен найзағайдың жай отына,
Шалқар шабаттарыңды жанып алдым...
Шынар Кендін
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі