Тәуелсіздік туы биікке самғасын
Бұл бетте «Тәуелсіздік туы биікке самғасын» атты Саян Маликұлы жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.
Тәуелсіздік қазағыма орнаған
Еске түссе сол бір сәттер мұңданам
Тәуелсіздік – үміт жолы біл мұны,
Мұндай бақыт ешбір елде болмаған.
Мәңгілік ел тек биікке самғасын,
Қыран қанат ел тілеген талмасын!
Тәуелсіздік әнұраны шырқалып,
Әнұранды ұрпағымыз жалғасын.
Тәуелсіздік - бейбітшілік ақ таңы,
Тарихымның таңбасы боп атқаны.
Төзімменен ұлт тұлғасы сақталған,
Биік мұрат елдігімнің мақтаны!
Есімізде желтоқсанның құрбаны,
Желтоқсанда ұлттығымның тұр мәні.
Елдігімнің жойылмасын ертеңі,
Құламасын тұғырында тұрғаны!
Жеткен шақта азаттық пен мұратқа,
О, Құдайым сыннан бізді құлатпа!
Сұрайыншы пәк жүректен бір тілек,
Қазағымның ұл-қыздарын жылатпа!
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі