Интервью – Мұқағали Мақатаев

Бұл бетте «Интервью» атты Мұқағали Мақатаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.04.2015
  • 1
  • 3
  • 36029
(Шет елдік әріптеске)
Біз мына қоғамменен бірге өсеміз.
Тілдесеміз, үнімен үндесеміз.
Ақиқатты айтуды бізден сұра,
Ақиқатты айтуды білмесеңіз.
Әкелер салып кеткен іздерменен,
Келеміз анық басып біздер деген.
Біздер деген - қоғамның қолқанаты,
Біздер белек жандармыз сіз көрмеген!
Солдатпыз Отан үшін жанын үзген,
Арымызбен, қаламмен, қанымызбен.
Өз дәуірін өзгеге билетпейтін,
Күрескерміз!
He керек тағы бізден!
Біз - солдаты Ленин қоғамының,
Иесіміз Балға мен Орағының.
Біз - Отанның қаруы, дарынымыз,
Ақынымыз Советтер Одағының.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (3)

Ару

Өтте жақсы рахмет

Майра

Мұқағали Мақатаевтың «Интервью» өлеңін оқып, ақынның өз заманындағы азаматтық ұстанымын, туған елі мен халқына деген шексіз сүйіспеншілігін айқын сезіндім. Шет елдік әріптеске арнап жазылған бұл туынды – қазақ ақынының отаншылдық рухының биік үлгісі. «Біз мына қоғамменен бірге өсеміз, Тілдесеміз, үнімен үндесеміз» деген жолдар-ақ ақынның халқымен, заманымен біте қайнасқанын көрсетеді.

Осы автордың басқа өлеңдері