Жасай бер мәңгі домбырам
Домбырам менің домбырам, өзіңді әркез қолға алам.
Қос ішекпеналпыс үн қосып, Галивудтан жүлде алған,
Ұзақ жаса домбырам
Қиын шақта қасымнан табылдың әркез домбырам.
Мұңайған шақта әрқашан, мұң тарқатқан домбырам.
Түңілгенде өмірден, шер тарқатқан домбырам.
Өмірдегі қайғыма, ортақтасқан домбырам.
Үзілмесін қос шегің.
Он сегіз мың ғаламдай, сонша пернең бар сенің.
Аққудай ұзын мойыны бар, аққуменен бар теңің.
Нотаға салар дауысыңды, қос құлағың тұр сенің.
Келмей қалса ол егер тірегің болар тиегің,
Өнерге көп керегің
Әуен болса ғашығым, махаббатым домбырам.
Жанымның барлық асылын, өзіңе ғана арнағам.
Әнім сенсің жігітім, сенсіз өмір түн маған.
Жетектеп жүрсең сен егер, жалғыз қалмас бұл балаң.
Жанымда болшы домбырам.
Жетектеп жүрген дауысымды, домбырам сенен айналды.
Сыңғыр – сыңғыр қос сазды, қос шегі сеннен айналдым.
Табиғатың дауысын, күй ғып тартқан домбырам,
Данышпанның ақылын, жыр ғып тартқан домбырам,
Өмірде керек дегенді, терме қылған домбырам,
Жүректен шыққан сөздерді, толғау қылған домбырам.
Өнерлінің дауысын, әнге салған домбырам,
Жасай бер мәңгі домбырам, жасай бер мәңгі домбырам
Губайдуллина Назипа Нуртаевна
БҚО Қаратөбе ауданы Үшағаш ауылы
Үшағаш негізгі орта мектебінің музыка пәні мұғалімі
Модератор
Егер авторы өзіңіз болсаңыз, - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар.