Өлең, жыр, ақындар

Tәуелсіздік-тұғырым


Ақындардың ұрпағы едік,
Басындырмас өр басын.
Батырлардан тарап едік,
Жігері мықты, қорғасын.
Аузымыз да азулы еді,
бабамыз шешен болғасын.
Дұшпандарға қатал едік,
Келтіре білген тәубасын.
Қалмақ, жоңғар июші еді,
Иілмеген дәу басын.
Ақ патшаның қаһарында
Жақұттар кетті ол да шын.
Халық жауы атағанда
Алмадық қорғап, ол да сын.
Дұшпаныңа қатал болып
Майландырма құрығын.
Ұлыңды ешкім құл етпесін
Қызыңның тартып бұрымын.
Ертеңің жарқын болсын десең-
Еркіндік болсын бүгінің.
Таныған ғалам, тамсанған адам
Қазақ пен шыдам бір ұғым
Мың мәрте өліп, мың мәрте тұрған
Қазақпын мен де, тірімін!
Шаңырақ ортақ, шекарам байтақ
Қуатты елмін, ірімін!
Сабыр менен қазақ егіз
Сабыр түбі сары алтын
Түндікті аш, серпіл қане
Күн шықты қарсы алатын.
Тәуелсіздік- ащы термен
Келген тәтті тұғырым.
Терең түсін, қастерлей біл
Тәуелсіздік үғымын!
Өсе бер тынба, өркенде , тұрма
Татпастан тағдыр азабын
Тәуелсіздік мерекесі
Құтты болғай қазағым!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар