Жадымдасың, жас күнім – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Жадымдасың, жас күнім» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Баурайда гүл ырғалып,
Жұлдыздар күлім қағып,
Тұратын бізге қарап,
Дүние сұлуланып.

Қайырмасы:

Алаулап балғын демің,
Құшақтап тау гүлдерін,
Алыстап барамысың,
Балауса бал – күндерім.
Қайдасың, жастық шақ – жалын,
Алаңсыз алаулы таңым,
Аңсарым өзіңсің, жаным.

Көл толқып, гүл жаңарып,
Барады жылдар ағып.
Іздеймін сені, қалқам,
Қызғалдақ қырға барып.

Қайырмасы:

Іздеймін сені күнде,
Өзіңсің серігім де.
Жүрсің сен көңілімде,
Ән болып өмірімде.

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері