Көктеммен бірге келмедің неге? – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Көктеммен бірге келмедің неге?» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көктемнің желі,
Көктемнің лебі
Желпіді таудың аңғарын.
Бөледі жырға,
Бөледі нұрға
Тағы да жасыл бауларын.

Қайырмасы:

Аңсаған менің
Арманым едің,
Асыға күткен таңдарым.
Оранып гүлге,
Көктеммен бірге
Келмедің неге, жан жарым?

Қараймын көлге,
Қараймын белге,
Ақша бұлт жүзген асқарға,
Ән айтып өзге,
Бұлдырап көзге
Барады құстар аспанда.

Қайырмасы:

Қырмызы гүлмен,
Көңілді күймен,
Құлпырды қайта кең дала.
Қия алмай кеткен,
Келді ғой көктем,
Келмедің неге сен ғана?

Қайырмасы:


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері