Жас құрбы – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Жас құрбы» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көк сағымның ішінде өскен елік пе ең,
Ел көзінен қымсынасың неліктен?
Өтші мынау кең дүниені шайқалтып,
Тал бойыңа тағдыр берген көрікпен.

Үлбіреген аппақ қана гүлмісің,
Көз алдымда тұрып қалған нұрмысың?
Еркетайым, сағындырып алыстан,
Жалыныңмен өртеп қана жүрмісің?

Қанша ұмтылдым, қолым саған жетпеді,
Қол жетпейтін құс па едің сен көктегі?
Әлде әншейін арбаған бір түс пе едің,
Өмір бойы аңсап жүрсін деп мені?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері