Аққудайын айдын көлде таранған
- 0
- 0
Аққудайын айдын көлде таранған,
Тұла бойың таң-тамаша жаралған.
Көз айырмай кеуде керген анардан,
Жалт-жұлт етіп жалын ұшты жанардан
Бұл бетте «Денис Тен-мәңгі өшпес тұлға» атты Sanzhar888 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Sanzhar888 — осы өлеңнің авторы.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.
Бұл өлеңде Sanzhar888 өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.
Аққудайын айдын көлде таранған,
Тұла бойың таң-тамаша жаралған.
Көз айырмай кеуде керген анардан,
Жалт-жұлт етіп жалын ұшты жанардан
Еркетай өскен елік пе ең?
Көктеммен қатар келіп пе ең?
Айрықша артық көрікпен
Айырдың мені еріктен.
Қыз дегенің – тым жырақ аспан биік,
Қыз дегенің – құлдырап қашқан киік.
Түбінде бір жетесің іңкәр болсаң,
Түбінде бір ілесің сұңқар болсаң.
Бұлт басса көгімді бұлаңданып,
Қадаламын көзіңе күмәнданып.
Қабағыма қайтадан күн қонады,
Жанарыңнан жалт еткен нұр аңғарып.
Көріп ек кермаралдай қыз күніңді,
Қырқысып жігіт біткен жүз жүгірді.
Қайрылмай кете бердің біріне де,
Қалайша ұмытайық біз мұныңды.
Сыпайылық, сынықтық, әдептілік –
Сымбатыңа сыйымды әдет-қылық.
Сан жігітті сыртыңнан сүзілдіріп,
Сан жігітті қойдың сен дәметтіріп.
Шынар
Өкінішті