Өлең, жыр, ақындар

Жаратушыға

Бұл әлемді жаратқан,
Тіршілікті жер бетіне таратқан.
Алғаш болып адамдардың бастауы
Адам ата,Хауа анадан басталған.

Бұл әлемнің сырлары шексіз қиын,
Қысқа өмір есептелген уақытпенен.
Қасындағы адамың бүгін бар да,ертең жоқ
Тірісінде бағалай біл қадірін.

Жаратушы иеміз жалғыз ғана,
Біздей емес,бір өзі жеке дара.
Құдіреті шексіз ғой мен білемін
Бас иеміз,барлығымызбір Аллаға.

Сансыз шүкір деймін мен осы кунге,
Аман,сау боп келгеніме дүниеге.
Бұл өмірде сан мыңдаған өмір бар
Көріп жүрк қой қиындықты сыртынан.

Аллаға сенген адамды,
Аллаға тәубе қылғанды,
Қандай жағдай болса да,
Тәңірім өзі қолдайды.

Сынақтары жетеді бізге берер,
Сол арқылы адамды сынап көрер.
Бұл өмірден түңіліп жапа шексең,
Уайымның шипасын тәңір білер.

Тәубе қылған адамды құр қылмайды,
Тілегенннің тілегін қабылдайды.
Күмәнсіз-ақ құдайға сенім артсаң
Өміріңді бірақ сәтте байытады.

Басы адамның құдайдың добы дейді,
Бәрін біліп,жоғарыдан көред дейді.
Тірі кезде сен оны көрмегенмен
Адамдар жүрегімен сезед дейді.

Мен қорқамын кейде алып құдайдан,
О дүниені көруге,ол жаққа атттанудан.
Кейде отырып көз жасымды көл етемін
Бұл дүниеден кеткендерді ойласам.

Өмір заңы не бұлай қатал еді,
Уақытша өмір мына бізге не береді.
Тереңіне үгіліп,қарап отсаң,
Бұл өмір сені сынау үшін беріледі.

Шексіз алғыс айтамын құдайыма,
Ткғаныма осындай кең заманда.
Бірақ бір орындалмас бір арман бар,
Барлық адам ұзақ өмір жасаса.







Пікірлер (1)

Асан

бетьіне деген не?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз