Қар жауып тұр – Шынар Кендін

Бұл бетте «Қар жауып тұр» атты Шынар Кендін жазған табиғат туралы өлең берілген.

Қар жауып тұр!
Ақ ұлпалары ауада ғана қалықтап,
Аспан - аппақ армандар ұялап алған ғарыш-бақ
Жерге қона алмай,
Жеткізбей жүрген бір үміт,
Бір тамшыға айналды кірпігіме кеп жабысқақ...

Бір тамшы су!
Жердің де не екенін көрмеген,
Саған зәру көп -
еріні кеберсіп шөлдеген.
Ащы жасқа айналып, сырғып барады төменге...
- Гүл болып өссе екен, ешкімге тапталып көрмеген!
Аспан-Жер.
Аппақ қар-тамшы жас!
гүл болып көктеші,
сен, менен!
Әлі, ешкімге жұлынып көрмеген...


Пікірлер (2)

Асылжан

маған ұнады рахмет!

arshynkerei

Рахмет!

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар