Әбдірахман өлген соң өзіне айтқан жұбатуы – Абай Құнанбайұлы

Бұл бетте «Әбдірахман өлген соң өзіне айтқан жұбатуы» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.03.2019
  • 0
  • 1
  • 12993
Бермеген құлға, қайтесің,
Жұлынарлық ерікті.
Ажал тура келген соң,
Шыдатпайды берікті.
Ғаріптікке көз жетті,
Алғаннан соң серікті.
Өмірін берген құдайым
Ажалын да беріпті.
Сақта дейміз, қайтеміз,
Ілінген жалғыз тіректі.
Тағдырына тәбдил жоқ,
Тәубе қылсақ керек-ті.
Кәркиден, пілдей қуатты,
Тағы арыстан жүректі,
Аплатон, Сократ ақылды,
Қаһарман Ғали білекті.
Өз заңымша ұқсаттым,
Берген құдай тілекті.
Оспанды алған бұл өлім,
Тәубе қылсақ керек-ті.
Мұсылманға қоймаған
Орынсыз жанжал шатақты,
Ерегіскен жауларын
Кісен салып матапты.
Зекет жиып, егін сап,
Тойдырған ғаріп, жатақты.
Ескендір, Темір, Шыңғыстай
Мұсылманда атақты.
Мұқым қазақ баласы,
Тегіс ақыл сұрапты.
Тобықтыны ел қылып,
Басын жиып құрапты.
Мекеде уақып үй салып,
Пәтер қып, жаққан шырақты.
Бір құдайдың жолына
Малды аямай бұлапты.
Ажал уақыты жеткен соң,
Соның да гүлі қурапты.
Қажыны алған бұл өлім,
Сабыр қылсақ керек-ті.


Пікірлер (1)

Гулназ

Өте мағыналы өлең екен

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әбдірахман өлген соң өзіне айтқан жұбатуы өлеңінің авторы кім?

Абай Құнанбайұлы — осы өлеңнің авторы.

Әбдірахман өлген соң өзіне айтқан жұбатуы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әбдірахман өлген соң өзіне айтқан жұбатуы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абай Құнанбайұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әбдірахман өлген соң өзіне айтқан жұбатуы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері