Бұл бетте «Шипагер дала» атты Айтуар Өтегенов жазған табиғат туралы өлең берілген.
Дертім болса алған жанның мазасын.
Жүректердің тер боп қатқан назасын.
Туған жерім,
Бұлағыңа қайнаған.
Бір сүңгітіп аласың да жазасың,
— Құдіретін-ай шымырлаған қайнардың,
— Қасиетіңнен туған өлкем айналдым, —
Деп жатады дауа тапқан ұлдарың. .
Мен түсінем,
Топырағыңа жыр дарып,
Тегін емес маңғазданса қырларың,.
Қоңыр далам сахнамсың күй төгер.
Қоңыр далам отқа қақта, үйте бер.
Өзің маған үйіп-төгіп зейнетті,
Өзің маған арқалатып бейнетті
Өзің және,
Өзің және шипагер.
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі