Бірсіндеп садақ асынбай
- 0
- 1
Бірсіндеп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Бұл бетте «Борай да борай қар жауса» атты Махамбет Өтемісұлы жазған табиғат туралы өлең берілген.
Бірсіндеп садақ асынбай,
Біріндеп жауды қашырмай,
Білтеліге доп салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Арғымақ, сені сақтадым,
Құлағың сенің серек деп.
Азамат, сені сақтадым,
Бір күніме керек деп.
Еңселігім екі елі,
Егіз қоян шекелі,
Жараған теке мүшелі,
Жауырыны жазық, мойны ұзын
Арғымақтың баласы
Аз оттар да, көп жусар —
Талаудан татқан дәні бар.
Азамат ердің баласы
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға
Қас үлектен туған қайтіп
Қара нар керек біздің бұл іске.
Еменнің түбі — сары бал,
Еріскен көңіл — бәрі бал.
Жоғарыдан төмен төгейін,
Керегіңді теріп ал.
самира
жатау киын екен брак маган унады