Халық

Бұл бетте «Халық» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2169
Халық қазы сыйлайды сиымдысын.
Қолтығыңнан демейді қиында ісің.
Сыбағасын жейтұғын саған қиып,
Ойламаған болады кейінгісін.
Ренжімес ұйқыңды ол күзетсе де,
Қиналмайды жаз тұрсын, күз өтсе де.
Жұмсақ орнын береді саған жайлап,
Жамбасынан қарыған сыз өтсе де.
Анау-мынау сөзіңе кешірімді,
Оңай - оспақ білмейді өшігуді.
Жоқтан-бардан себепке сылтау тауып
Жаптым саған демейді есігімді.
Сенен оған керегі жарқындығын,
Керек емес жарқылдақ алтындығың.
Жүрегіңнің жылуы жетіп жатыр,
Тек сезбесе болыпты салқындығын.
Елім барда осындай арман бар ма
Елді сүй деп айтамын қалғандарға.
Жуасымның жөн білер өзі жақсы,
Қызықпан иінінен дем алғандарға.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Халық өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Халық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Халық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Халық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері