Өлең, жыр, ақындар

Жұбану

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1118
Үйіне кірдім, көңіл де айттым келінге,
Қаралы жас қамыға маған қарап тұр.
Сыпырылған ойлар тұншығып жатыр көңілде,
Қабырғада секундты санап сағат тұр.
Іңір ғой әлі, кешеде қимыл тынбапты,
Толассыз жауып асфальтты жаңбыр сабап тұр.
Соғады сағат шықылдап неге тым қатты,
Секундты неге асыға сонша санап тұр?
Бұрылды келін, бөлмеден шықты жай басып,
Отырмын үнсіз, тынымсыз соғып сағат тұр.
Отырмын тілсіз бұлттай қалың ой басып,
Толассыз жаңбыр асфальтты тынбай сабап тұр.
Тиді ме әлде қанаты қонған шыбынның
Дың ете қалды сүйеулі тұрған домбыра,
Еріксіз алып, керіп ем шертіп ішегін,
Жіберді жылап иесіз тұрған домбыра.
Кім екен мұны осынша қатты бұраған,
Үзілмей қалай ішектер не ғып шыдаған?
Отырдым шертіп, босатып қайта бұрауын,
Тоқтата қойды домбыра сонда жылауын.
Тартылды бір күй, білмедім кімнің күйі еді,
Әйтеуір сол күй көңлімді менің сүйеді.
Құрғатып жасын келін де келіп тыңдады,
Айтыла берді домбыра сөзі тынбады.
Соқты екен қанша сағаттың тілі асыққан,
Жауды екен қанша жаңбыр да жанды жасытқан...
Шығарып естен әзірше соның барлығын,
Тілеппіз іштей тірінің қалған саулығын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен сендердің біріңнен кем емеспін

  • 0
  • 0

Қандай еді сыңғырлаған дауысым,
Жаңғыртатын ормандар мен тау ішін,
Қыздар сонда қуана маған қарайтын,
Шоқ шашыратқан от көздерін қадайтын.

Толық

Жаңбыр

  • 0
  • 0

Күркірете көгімді
Көк ала бұлт сөгілді.
Отты көзі жалтылдап,
Бір шолып қап жерімді

Толық

Еліктеу

  • 0
  • 0

Құмарлық үшін бір күндік
Жүгірдік келіп жүгірдік.
Құмарлық оты ұшты тез,
Жел көңілден түңілдік.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар