Өлең, жыр, ақындар

Тартуым

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1671
XVII – съезге

Менің сәулем,
Құлыным,
Жүр ғой ойнап
Далада.
Келші, күнім,
Кел, күнім
Сүйгізіп кет
Анаңа.
Бүгін балам:
Балапан.
Әлі қанат
Қақпаған.
Ол қызыл гүл,
Таза нұр,
Ол жас шыбық
Қатпаған.
Көтергенде
Тоғыз ай,
Толғатқанда –
Толғана.
Туды бақыт
Күнінде,
Бақытты елде,
Ордада.
Туды күнім.
Құлыным
Әулиесіз,
Алдасыз.
Өсті гүлім,
Өмірім.
Дұғалықсыз,
Молдасыз.
Ол өседі,
Оқиды:
Революция
Томынан.
Ол әлемнің:
Иесі,
Ол бақытты
Зор адам!
Аспанда ай,
Жерде жел,
Бағынады
Балама!
Теңізде мұз,
Тауда құз,
Табынады
Балама!
Күнім менің,
Құлыным.
Ол балауса,
Жас буын.
Туған менен
Большевик
Съезіме
Тартуым!

1934


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тартуым өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Тартуым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Тартуым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тартуым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері