Сырласу – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Сырласу» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2077
Келеміз - Мәлікпенен екеуміз тек,
Шаршатпай қолтығымнан алды демеп.
Келеміз от бұршақтың ортасымен
Кеңеске түтеген оқ болмай бөгет,
Тоқтатты Мәлік сонда айтты бір сыр:
− Ойлама қорықпайды деп өлімнен құр.
Тәтті өмір, жар - достарды сүйгені үшін –
Ажалмен інің саспай шайқасып жүр.
Қорқамын ажалдан да бір нәрседен:
Қорлық қой жерсіз, күнсіз өмір сүрген.
Тірлігің туған елдің тірлігінде,
Өлгенің ту жығылса сүйген жерден.
− Ойлама қорықпайды деп өлімнен құр –
Ардақты мен үшін де қымбат өмір.
Шаттықты, жар - достарын сүйгені үшін
Ажалмен інің саспай шайқасып жүр.
− Дұрыс - ақ! - Мәлік сөзін мақұлдадым
Қорғайды арадағы жақындарын.
Адамбыз, ара емеспіз, ұрпағымыз
Байтақ жұрт, жолбарыстай батырлардың.

1942


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері