Ұмытпа, сәулем, сен оны – Әбділдә Тәжібаев

Бұл бетте «Ұмытпа, сәулем, сен оны» атты Әбділдә Тәжібаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2428
Жүзіңнен жуып күлкіңді
Жабады қайғы пердесін.
Жандырып жалын кеудеңді,
Жабырқайсың, сонда сен..,
Тұнжыраған тұманнан
Жалт еткендей бір жарық.
Көз тігіп саған бір адам
Кетеді тағы жоғалып...
Кірпігің әлсіз ауырлап,
Көзіңді, сәулем, жабады,
Ішінде жалын лауылдап,
Мөлдіреп жас боп ағады...
Ұмытпа, сәулем, сен оны,
Оқтын – оқтын есіңе ал.
Ұмытар болсақ өлгенді,
Тірліктің бізде несі бар?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері