Өлең, жыр, ақындар

Сөз туралы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 4690
Еліктеу

Сөз қандай бай, білем соның қаншасын
Жатып тұрып санадым.
Әрбіреуін қолыма ұстап үңіле
Асыл тасша қарадым.
Сыңғырлайды соғыстырсам металдай,
Секілді қару-жарағым.
Осылар ғой сақтаған
Намысын ата-ананың.
Таңдап алып отырмын
Таңдантуға жарарын...
Жалын атсын мынасы
Жанған өрттің бояуын алып жағамын.
Ал мынаның арттыру үшін құдіретін
Құздағы мұзға саламын.
Жан бермей ме, әл кірмей ме жырыма,
Таба білсем осылардың қалауын?

1955
* * *
Жүйріктей жортып барасың өмір,
Ентігіп келем ере алмай саған.
Тыпырши берді талпынған көңіл,
Амалым нешік туыппын шабан.
Ұмтыла бассам серікке сеніп,
Сүйей ме десем талдырмай жолда.
Серігім маған жанаса беріп,
Кеткісі келед жантайтып орға.
Жондардан аса жорта бер өмір,
Еңбектеп қалмай ерермін саған.
Сақайдым енді, жығылман жеңіл,
Сақтанғыш болдым серіктен арам.

1955
* * *
Туған тілім тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
Тілсіз хайуан бишара,
Бишараға не шара?

1955


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сөз туралы өлеңінің авторы кім?

Әбділдә Тәжібаев — осы өлеңнің авторы.

Сөз туралы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Сөз туралы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әбділдә Тәжібаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сөз туралы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері