Қараторы, ботакөз

Бұл бетте «Қараторы, ботакөз» атты Марфуға Айтқожина жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2278
Алақанда бәйек боп аялаған,
Ас дәмін қонағынан аямаған.
Ұлан-асыр осынша ықыласқа,
Шіркін-ай, ішпей-жемей тояды адам.
Ақсақалдар төрде отыр малдас құрып,
Қымыз жұтып, сусындап, жамбас мүжіп.
Осында отыр өңкей бір сауықшыл жас,
Қазақтың салт-санасын жалғастырып.
Өз мекенін, өз елін берік сүйген,
Шекеге дөңгелектеп бөрік киген.
Осында отыр өңшең бір сал-серілер,
Бұл кеште домбыраға ерік тиген.
Келіп отыр жастар да өрімделген,
Қараторы, ботакөз, керім келген.
Ас әзірлеп сыртта жүр ас иесі,
Қонаққа көрпе төсеп, төрін берген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қараторы, ботакөз өлеңінің авторы кім?

Марфуға Айтқожина — осы өлеңнің авторы.

Қараторы, ботакөз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қараторы, ботакөз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Марфуға Айтқожина өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қараторы, ботакөз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері