Қазға еліктеген қарға

Бұл бетте «Қазға еліктеген қарға» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4326
Қарға қаздай байпаңдап,
Болғысы келді байсалды - ақ
Үйренген байғұс секектеп,
Жүре алмады қойқаңдап,
Кете берді шойқаңдап.
Қаңқылдаймын деп қарқылдады.
Орынсыз қиқулады.
Жауыр көрсе жалтақтай берді,
Басы құрғыры қалтақтай берді.
Сонымен сөйтіп,
Өйтіп-бүйтіп
Қаз болғысы келген қарға...
Бола алмады,
Желге де төзе алмады,
"Қақ " деді де ұшты,
Өзінің "таз қалпына " түсті.
Әрине, қарға қаз болмайды,
Қарға болғысы келген
Қаз да оңбайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазға еліктеген қарға өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Қазға еліктеген қарға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қазға еліктеген қарға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қазға еліктеген қарға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері