Алимент – Асқар Тоқмағамбетов

Бұл бетте «Алимент» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2670
Қиылған қиғаш қас қандай,
Қап-қара шаш қандай.
Келісті жігіт, тым кербез,
Мінезі жұмсақ мақпалдай.
Қайқита шашын таранып,
Сиқырлы көзбен қаранып,
Маң-маң басып алдымнан,
Кез келе кетті Самалық.
— Аман ба, жолдас Самалық?
Жүр ойынға баралық!
— Жоқ бармаймын...
О, неге?
Оқиға болды жаңалық.
Кез келген қызға хат бердім,
Оны өзіме бақ көрдім.
"Алам " деп алдап бес-он күн,
Қыдырғанға шат болдым.
Галстук жібек тағынып,
Иіс май - әтір жағынып,
Сәнденіп тұр ем бір күні,
"Сүйгенімді" сағынып.
"Шақыру қағаз "қолында,
"Заң бар солай, орында "
Амалсыз алдым қол қойып,
Ойлаймын "дау жоқ " соңымда.
— Шақырыпты сот не деп?
Қылмысың бар ма, айта кет?
Тұрып-тұрып айтқаны:
— Төлейтін бопты алимент!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алимент өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Алимент өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алимент өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алимент өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері