Керкекіл – Біржан сал Қожағұлұлы

Бұл бетте «Керкекіл» атты Біржан сал Қожағұлұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2115
Астымда Керкекілім бұлаңдайды,
Сұлу қыз кербезденіп сылаңдайды.
Ауылын сүйген жардың іздеп бармай,
Көңілім еш уақытта тына алмайды.
Жадағай-жайсыз жерден жүре алмаймын.
Жадырап сенсіз жерде күле алмаймын.
Жасымнан ғашық болып сүйген сәулем,
Басқаны бір өзіңнен біле алмаймын!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері