Өлең, жыр, ақындар

Тоқтабайдың тоқамы

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1716
Тоқтабайдың тоқтамаймын
Сұлу сымбат бейнесіне.
Көтеріңкі, кеуде қаққан
Мінездері кейде есіңе
Түсіп кетсе, лажың жоқ,
Оған жауап бермесіңе!
Тоқтабайдың тоқтамақпын
Сөздеріне сылдыр сұйық.
Кейде бұлдыр, кейде былжыр
Сөзі болады, кейде тұйық.
Сөйлегенде "салмақтырақ "
Екі сөздің бірі цитат.
Көзі күліп, тілі шаян,
Бастан-аяқ жаққан сықақ.
Бір күндері сол Тоқтабай
Сөйлеп отыр сілтеп қолын,
Тұжырымды жинақты қып,
Бірдей қамтып оң мен солын.
"Сендер әлі, жас жігіттер,
Ащы-тұщы татпағанда.
Тәрбиені көп күтетін,
Қабырғасы қатпағандар.
Кез келгенмен сөйлеспеңдер,
Кім біледі ол жау ма, сау ма ?
Бөтен үйден ас ішпеңдер,
Боп жүрмесін қиын сауда.
Тіпті әйеліңе,
Мүмкін болса байқап қара.
Жау ма, сау ма, кім біледі ол,
Саған тиген қасақана ?
Міне, "таза қырағылық ",
Осындайдан басталады,
Сенбе жанға, еш адамға,
Болып жүрме масқаралы.
"Жау жоқ деме жар астында,
Бөрік астында бөрі болар ".
Дос дегенің жау бон шығып,
Дәл дұшпанның өзі болар... "
Ақсуаттың ауданында,
Нәдірбаев Тоқтабайдың
Жастарға осы тәрбиесі,
Оған қалай тоқтамайын?
Қырағы бол, жаумен күрес,
Лениншіл бол деуі дұрыс.
Еш адамға сенбе деуі,
Рас болса, тіптен бұрыс.
Алыс-беріс қатынастан,
Сенбе сірә жанға деуі,
Кім біледі ол жау ма, сау ма ?
Еш адамға нанба деуі.
Ұшқарылық, асыра сілтеу,
Жағдай жаудың соқпағына.
Көне алмаймыз, көнбейміз де
Тоқтабайдың тоқтамына.
Бар адамды жау деп білу
Жатпайды ол дұрыстыққа.
Қайта апарып, өсек жайып,
Соқтырады ол бұрыстыққа.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұғы мен бұқа

  • 0
  • 1

Дарияға килікті де бір күн бұқа,
Ар жаққа өтпекші боп түсті суға.
Тіл қатты тұрған бугы, сөзі сына:
— Иірімге түспе өлесің, сөзді тыңда! —

Толық

Көктем саяхаты

  • 0
  • 0

Жайдары жарқын, жылы шырайлы,
Сүйкімді сөзі, жұмсақ ырайлы,
Есікті қағып бір кісі келді,
Күлімдеп көзі кіргісі келді.

Толық

Кенжетай мен Жеңгетай

  • 0
  • 0

— Кенжетай! — деді Жеңгетай, —
Сен, осы бойдақсың ба?
— Бойдақпын.
— Қызын көрдің бе Қой бақтың?

Толық