Ақымақтың "ақылы"

Бұл бетте «Ақымақтың "ақылы"» атты Асқар Тоқмағамбетов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2445
Кеше өлгенше ішіпті,
Көзімді ісіріпті,
Бетке таңба түсіріпті,
Ұрты салбырап тұр,
Терісі жалбырап тұр
Көйлек те жыртылыпты,
Бір жеңі қырқылыпты.
Ұртын ұстаса мұртым жоқ,
Мұртын сипаса ұрты жоқ.
Кеше алған айлығын,
Көрсетем деп байлығын,
Шашыпты да, төгіпті,
Көрінгенді сөгіпті,
Теуіп, ұрыпты,
Жығылыпты, тұрыпты,
Қалтада тиыны жоқ,
Үйде сау бұйымы жоқ,
Бәрін де сындырыпты.
Бәрін де тындырыпты.
Есімде бірі жоқ,
Енді мәселе ірі боп,
Отырғаны мынау...
— Ойпырым-ау!
Сұмдық екен, — дей береді,
Өйткені,
Ақымақтың ақылы
Түстен кейін енеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақымақтың "ақылы" өлеңінің авторы кім?

Асқар Тоқмағамбетов — осы өлеңнің авторы.

Ақымақтың "ақылы" өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақымақтың "ақылы" өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Асқар Тоқмағамбетов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақымақтың "ақылы" өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері