Май сіңген күртеше
Бұл бетте «Май сіңген күртеше» атты Айтуар Өтегенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қойшыға қандай ыстық,
Даланың жусаны, қымыздығы.
Маған да сондай ыстық,
Качалканың сазды үні, сыбызғы үні.
Қойшыда – өмір оты лауласа қостарында,
Арманым – менің шоғым мұнара бастарында.
Жатып ол жұлдыздарды санаса шалқасынан,
Қолымда шырақтардың самсаған алқасы бар.
Білемін және олардың қозы үнін ұнатарын,
Ал менің құбырларым – еліме күре тамыр.
Ырыс-құт құрығында,
Малшының жүр десе егер.
Жанымның сыры мына,
Май сіңген күртешеде.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі