Ағайынды екеу
Арыңа жүгін туыс, қайран бауыр!
Алысқан сертіңді сен ұмыттың ба?
Жыл бұрын достық құрған қайда дәуір,
Кетті ме, арамызды суытты да.
Қан соғыс күркіреген есіңде ме,
Бір болдық тар жол, тайғақ кешуде де,
Тіршілік тастап көңіл алаңын да,
Атылдық бірге жаудың қамалына.
Ладаның қарсы алдық біз мерекесін,
Шығыстан қылаң берген таң алдында.
Қара күн келіп жетті, неге керек?
Көңілді қызғаныш бұлт көлеңкелеп,
Айырды екеумізді екі бөлек!
-Онда біз өткіздік шат өмір жылын,
Атама, атағандай мені бұрын.
Махаббат, достық, үміт дегендерге,
Сенімі күшті еді көңілімнің.
Жан жүрек тулап соғып, дірілдеді,
Бір сұлу маған қарап күлімдеді.
Сол қыздың билеп едім жанын жұмбақ,
Қоймадың оны да сен алдың ұрлап.
Сен манің сұлуымды алдың билеп
Сән, көркі, махаббаты қалды күйреп.
Алдадың ...
Жұрт алдында масқара еттің,
Қорладың әжуалап, жанды түйреп,
Сөз бітті. жым-жырт болып қалды екеуі.
Жандарын араздықтың оты жайлап,
Қылыштың алтындаған өрнектері
Көз тартып анадайдан тұрды жайнап.
Дулыға жарқылдаған болат сауыт,
Қомданаған қыран құстай қанат қағып,
Мұнартып жым-жырт болып тұрды дала.
Екеуі тауап етер жерді тауып,
Келді ағаш суретіне тәңірінің
Айнала орап тұрған жас шырмакық.
Екеуі осы арада тізе бүгіп,
Достықтан ант етісті күдер үзіп.
Асығыс екеуі де мініп атқа,
Оқтай боп зымырады екі жаққа.
Жүргенін екеуінің екі бөлек
Осыдан бұрын сірә ел көрді ме?
Бірінің көкірегін азап кернеп,
Қайғының ілінгенде шеңгеліне,
Жабығып екіншісі оны елеп
Қол ұшын жаны елжіреп бермеді ме?
Кенеттен кек отымен тулап жаны
Екеуі ерегісті қайнап қаны.
Қызғанған іштерінде жалын жақты.
Елжіреп финнің қызын сүйді Асқар,
Арудың жанарында мұңды жас бар,
Күндікте күңіренеді ел, түседі еске
Финляндия туған жер қия тастар.
Жартасты Финляндия кең даласы,
Шыныдай жарқыраған көл арнасы.
Үмітсіз жатқан орман нуы түктен
Өзіне біткен тағы сұлулықпен.
Бытырап шатқалдары макендеген,
Шығады түтін бықсып шым үйлерден
Маңайы тағы шие, не болмаса,
Түбірі қарағайдың өртке күйген.
Сол елде көктем күні тез өтеді.
Созылып кқпке дейін күз кетеді.
***
Жалқы өсіп өзім мұншалық,
Болды да жаттан баспанам,
Кеудемеде асау бір шабыт
Асқақтай түсе бастаған.
Азаптан бір сәт арылып,
Өрт өңді досқа еріппін,
Шабыттың асқақ бәрі ұмыт,
Тірліктен тағы зеріктім.
Тағы да, міне, дара қап,
Кеудеме қайта көшті мұң,
Азғындық жанды жаралап,
Берме де қойды-ау еш тыным.
Сорымды ойлап бүгін кеп.
Түк таппай қойдым жанымнан:
Бұрынғы мақтан, бұрынғы өрт,
Ащы жас, асқақ жалыннан.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі