Балаларға

Бұл бетте «Балаларға» атты Тұрмағамбет Ізтілеуұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 18.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3254
Балалар, баяу тартқан бақ кәріңді,
Бақсаңдар, орнатар Ақ бақтарыңды.
Олардың бәріңе де беріп жасын,
Кетірер көңілдегі дақтарыңды.
Тигізіп жұртқа кеткен несиеңді,
Көбейтер неше есе ғып нақтарыңды.
Олардан үлгі, үгіт үйренуге,
Үндемей, бағып отыр жақтарыңды.
Келісті кеңес тауып бере қойса,
Суықта соларға жап мақталынды.
Олардан алғыс алып отырсаңдар,
Астыңнан ала алмас жау тақтарыңды.
Өрлетіп ықпалдарыңды күннен-күнге,
Арнадай етер дәйім қақтарыңды.
Жұмсақ деп тістеріне талқан беріп,
Отырма өздерің жеп ақ тарыңды.
Кәрісін күтпегендер көп ұялсын,
Есітіп ондайынша ақпарыңды.
Ақысын ата-ананың өте, балалар,
Қой - дағы әйкол ағаш, сақпаныңды.
Осы айтқан үгітімді, өтінемін,
Жаңылмай, жаттарыңда сақтарыңды.

1906


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Балаларға өлеңінің авторы кім?

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы — осы өлеңнің авторы.

Балаларға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Балаларға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Балаларға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері