Табанымда топырақтың жүрегі – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Табанымда топырақтың жүрегі» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 507
Табанымда топырақтың жүрегі,
Жанарымда жапырақтың жүрегі.
Туған жердің кеудесінде дүрсілдеп,
Менімен бірге өмір сүреді.
Көк аспанның жарық Күн ғой жүрегі,
Ағаштардың соғып тұр ғой жүрегі.
Адамзаттай табиғаттың жемісін -
Жеңіспен жеп... уақыт өмір сүреді.
Бірін-бірі уатып өмір сүреді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері