Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Қандай

Бұл бетте «Қандай» атты Сұлтанмахмұт Торайғыров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.04.2015
  • 1
  • 2
  • 20191
Туғандар, жүрген қандай, жатқан қандай,
Жатқан сайын жамбасқа батқан қандай?
Ақ нұрды жарқыраған от деп ұғып,
Білмей жатып таспенен атқан қандай?

Тағы да жүрген қандай, тұрған қандай,
Көңілді заманаға бұрған қандай?
«Сақта» деп қозғалмастан жата беріп,
Шалшықтай күнге қызып құрыған қандай?

Ұмтылып ілгері аяқ басқан қандай,
Пән оқып, тараққиға* асқан қандай?
Басқалар жанын салып ұмтылғанда,
Басымыз шоршып түсіп, қашқан қандай?

Өнерге іші-тысы толған қандай,
Ішінде жаһалаттық* солған қандай?
Жиырма жыл медреседе дауам етіп,
Қапшығы садақаның болған қандай?

Сәлдені оқшырайта киген қандай,
Сүзіліп басты төмен иген қандай?
Алатын тоқты-торым кеми ме деп,
«Батыл»* деп ақиқатқа тиген қандай?

Пітнені үсті-үстіне үйген қандай,
Миллеттен он тиынды сүйген қандай?
Қан қайнап бұл халдердің баршасына
Дәрменсіз дертті болып күйген қандай?

* Тараққи (арабша) — даму, ілгерілеу деген сөз.
* Жаһалат (арабша) — надан деген ұғымды білдіреді.
* «Батыл» (арабша) — өтірік деген сөз.


Пікірлер (2)

Мухамедали

Бұл өлең өте керемет!

Мухамедали

Күшті

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қандай өлеңінің авторы кім?

Сұлтанмахмұт Торайғыров — осы өлеңнің авторы.

Қандай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қандай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сұлтанмахмұт Торайғыров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қандай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері