Қуыршақ пен Құралай

Бұл бетте «Қуыршақ пен Құралай» атты Кәдірбек Құныпияұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2166
– Қуыр-қуыр, қуыршақ,
Шаршадың ба күн ұзын?
Шашың әйбат тұлымшақ,
Бұрым болды бір ұзын.
Бесігіңе бөлейін,
Әлдиімді айтайын.
Айға сені теңейін,
Күнге теңеп байқайын, –
Осылай деп Құралай,
Тербетеді бесікті.
Біраздан соң, бұ қалай?
Өзі де ұйықтап кетіпті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қуыршақ пен Құралай өлеңінің авторы кім?

Кәдірбек Құныпияұлы — осы өлеңнің авторы.

Қуыршақ пен Құралай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қуыршақ пен Құралай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәдірбек Құныпияұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қуыршақ пен Құралай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері