Қуыршақтар күледі

Бұл бетте «Қуыршақтар күледі» атты Болат Үсенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1860
Шомылады қуыршақ,
Жуынады қуыршақ.
Таза қалпы төсекте
Тынығады қуыршақ.

Ал, Айбек ше, со қалпы,
Жуынбайтын боп алды.
Кешіп батпақ, шалшықты,
Күн ұзаққа жоғалды.

Шомыл десе шошыған,
Таң қаламын осыған.
Кір-кір болып жүреді,
Қуыршақтар күледі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері