Алаңғасар
Бұл бетте «Алаңғасар» атты Болат Үсенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Шешінгенде киімін
Ілмей кетіп шкафқа.
Иленеді шұлығы
Кір боп жатыр жан-жақта.
Көйлегі де шашылап,
Шалбары да шашылып,
Салатұғын түйме жоқ,
Омырауы ашылып.
Ойын қуып далақтар
Келе сала мектептен.
Қарамайды сабаққа
Қайран уақыт текке өткен.
Қалды десек жігіт боп,
Дағдысы сол қашанғы.
Қасен аты ұмыт боп,
Алаңғасар атанды.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі