Шыбындар – Жақан Смақов

Бұл бетте «Шыбындар» атты Жақан Смақов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 4309
Қабырғаны жағалап,
Қуалаймыз сабалап.
– Шыбындар, нас, кірсіңдер,
Мұнда неге жүрсіңдер?!

Бір қап кір бар аяқта,
Жабысасың аяққа,
Қонасыңдар етке де,
Танау менен бетке де.

Ызыңдамай кетіңдер,
Терезе ашық, өтіңдер.
Кір аяқ, нас шыбындар,
Өлмей тұрып, шығыңдар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері