Аңқау аңшы

Бұл бетте «Аңқау аңшы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 8265
Көрді аңшы,
Көрді аңшы
Кенеттен
Отырған қоянды.
Жүрді аңшы,
Жүрді аңшы,
Еппенен
Таянды, таянды.
Ақ қоян,
Сақ қоян
Әуелі
Аңшыны сезбеді.
Ал аңшы,
Ал аңшы
Қуанып,
Қоянды көздеді.
Бұл қоян,
Қу қоян
Аңшыға
Семіз боп көрінді.
Жатпай-ақ,
Атпай-ақ
Аңшымыз
Қиялға берілді.
Бір атып түсірсем,
Ұқсатып пісірсем,
Бүгін мен
Шынында ерлеймін.
Жас ет жеп,
Жақсы ет жеп,
Дұрыстап,
Бұрыштап,
Сорпа ішіп терлеймін!
Қиянда
Қиялдап
Осылай отырса,
Сәтті кез өтіпті.
Ту қоян,
Қу қоян
Құйғытып
Көш жерге кетіпті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аңқау аңшы өлеңінің авторы кім?

Қадыр Мырза Әли — осы өлеңнің авторы.

Аңқау аңшы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аңқау аңшы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қадыр Мырза Әли өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аңқау аңшы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері