Махаббат моласы
Бұл бетте «Махаббат моласы» атты Мұқағали Мақатаев жазған махаббат туралы өлең берілген.
Аяқтап болып,
Махаббат дейтін сапарды,
Қозы мен Баян моласы, міне, атанды.
Қалауын қанша тапқаныменен, қара тас,
Қайырымсыз ата Қарабайдайын қатал-ды.
Басына бардым,қасында тұрмын солардың,
(Қозыдай маңырап,сүймеген, сірә, болармын...)
Егіз жүректі екіге бөліп мола тұр,
Тұмсығы үшкіл қанжарындай-ақ қодардың.
Төрт жанардың да тауысып түгел көлдерін,
Төрт бұлақтарынан теге де жүріп селдерін.
Ескерткіш етіп,қос ана тастап кеткен бе?!
Аялап жатқан Аякөз сынды белбеуін.
Жол түсіп, ұрпақ,таңсыққа барсаң тегінде,
Бір соқпай кетпе күмбезге сонау көрінген.
Қазақтың осынау қасқайып тұрған төрінде,
Бабаларының махаббаттары көмілген...
Жақсы керемет өлеңдер екен)))
Өте керемет өлең
Əсерлі
Аякөз ауданы, Таңсық совхозы менің туған жерім!
Мен ардайым осы жаткан олеандер жаттаймын.Маган унайды
Тебірентер өлеңдер екен
Маған Мұқағали атаның поэзиялары мен өлең жолдары өте қатты ұнайды
Маган осы олен катты унады
Маған мұқағали мақатаевтің бәрлік өлеңі ұнайды
Абай, мағжан, сұлтан махмұт, қадыр мырза әлі, мұқағали, шәмші
Өте керемет