Арман – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Арман» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 10755
Жеңешемнің баяғы
Жаратпаймын тарлығын.
Шкафқа сап қояды
Қант-секердің барлығын.
Балалық тез өтсе екен,
Шығар едім ұшпаққа.
Бойым өсіп жетсе екен,
Ең болмаса,
Шкафқа!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері