Бұзау мен Тоқты – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Бұзау мен Тоқты» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3178
Бұзауға қарны ашқан соң Токты келіп,
— Шөбіңнен бір жейтіндей берші!— деді.
Ал Бұзау өтірікті соқты келіп,
— Сұраған сенен бұрын көрші,— деді.
— Япыр-ай, қандай сараң шырақ едің,
Бұлай деп ойласамшы!— деді Тоқты,—
Әшейін сынайын деп сұрап едім,
Берсең де алғым келіп тұрған жоқ-ты!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері