Жасай бер, қазақ тілім
- 0
- 0
Танытар қазағымның қазақтығын,
Анықтар қазағымның ғажаптығын.
Мәңгілік жасайды деп сенім артам,
Айналдым қасиетіңнен, Қазақ тілім.
Бұл бетте «Ата-анаға алғыс» атты yakhudaaruzhan жазған ата туралы өлең берілген.
Танытар қазағымның қазақтығын,
Анықтар қазағымның ғажаптығын.
Мәңгілік жасайды деп сенім артам,
Айналдым қасиетіңнен, Қазақ тілім.
Сенің бейнең көз алдымнан кетпейді,
Менің күнім сені ойлаусыз өтпейді.
Нұр жүзді көру үшін бір сәтке,
Бара жатам өрлеп биік беткейді.
Қашан көрсем, тұрасың сен күлімдеп,
Күн шығыстан күліп шыққан күнім боп.
Өзіңді де, өзгені де мәз қылып,
Жайраңдайсың жан секілд мұңың жоқ.
Көкірегіме керемет төгіп бір ән,
Жүрегіммен жүзіңді көріп тұрам.
Ал, өзіңді көргенде, бойым балқып,
Қорғасындай оттағы еріп тұрам.
Күндер өтіп барады, күндер өтіп,
Тәтті ұйқыға бөленген түндер өтіп.
Көпшіліктің көңілін күпті етуде
Күйкі тірлік күнделік діңкелетіп.
Адамды көр бақылап,
Жан мен тәннен тұрады.
Су мен темір, топырақ –
Дененің шын құрамы.
Ансар
Керемет
Бисара
Оте супер жарайсын
Әмина
өте керемет!
Балнур
Маган да оте катты унады.
Оте кушти
Сырым
Өте жақсы сен ата анаңды сыйлайды екенсің
Ерлан
Әдемі
Раушан
Өте жылы, жүректі жылытатын қысқа да мәнді өлең екен! Ана мен әкеге деген шексіз ризашылықтың, махаббаттың және құрметтің шынайы көрінісі екен.❤️
Айзере
Неге менің атым жок
Марал
Бұл өлеңнен ата-анасына деген шынайы алғыс пен махаббат сезімі анық байқалады. Автордың жүрекжарды жырлауы оқырманды терең ойға батырады, әрбір жол ата-ананың бақыт пен қамқорлығы үшін шексіз ризашылықты білдіреді. Өлеңнің мәні мен тілінің әдемілігі оқырманға жылы әсер қалдырады, мағыналы және әсерлі туынды деп бағалаймын.
Шынар
Өлеңдегі сөздер: ана мен әкенің мәртебесін, олардың жылулық пен қамқорлығын ерекше сипаттайды, бұл оқырманға ата‑анаға деген құрметті сезіндіреді және рухани дүниені терең түсінуге мүмкіндік береді екен.