Күрес – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Күрес» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 1
  • 6507
Ғайса екеуміз күресіп,
Жүріп алдық тіресіп.
Дуылдайды балалар,
Шуылдайды балалар:
— Бәсе, бәсе!
— О, мықтым!
— Қақ тұсынан тобықтың!
— Жанбасыңа ал!
— Жанбасқа!
— Жеп жүріпсің нан босқа!
— Ішінен шал!
— Ішінен!
— Не істейді құр күшімен!
— Белінен қыс!
— Белінен!
— Жігіт десем сені мен!
— Көтеріп соқ!
— Болмаса!..
— Күрес пе осы!
— Далбаса!—
Шіркін ауыз мықты ғой,
Бәрін сөзбен жықты ғой!
Жұрт айтқанға тойдық біз,
Жығыса алмай қойдық біз!


Пікірлер (1)

Алмаз

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері