Енді қайттік? – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Енді қайттік?» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3744
Алыстық,
Аяқтан шалыстық.
Күрестік,
Мықыннан тірестік
Бұлқыстық,
Аянбай жұлқыстық.
Терледік,
Бірақ бой бермедік.
Үзілді бар ілгек,
Түймеміз.
Не бетті айтамыз үйге біз?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері