Жауабының түрі – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Жауабының түрі» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2976
Тізбек-тізбек вагондар,
Тұрды поезд тоқталып.
Келім-кетім деген бар,
Ығы-жығы көп халық.
Ұстап бір қарт баланы
Дейді:— Алысқа барамын.
Әлгі үшінші вагоны
Қай тұста еді, қарағым?
— Үшінші ме, үшінші?
Жоқ қой қазір жадымда...
А-а... Үш пе, үшінші
Екіншінің жанында!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері