Аузы бар орындық – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Аузы бар орындық» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3639
Көрші үйде бір жақсы бар ағай.
Сол әкеп берді де қарағай,
Балалар кескілеп, қашады,
Ғажайып орындық жасады.
Сіз оны өзіңіз көріңіз,
Лайық бағасын беріңіз!
Ол сізге ұнайды қалайда,
Отырып байқаңыз, алайда.
Істеңіз барлығын абайлап,
Басады ол әніне ойбайлап.
Қозғала бермеңіз сіз текке,
Әйтпесе алады ол тістеп те!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері